Өмір деген...
Өмір деген - қуаныш пен қайғы-мұң,
Бірақ сәтте тартып алар барлығын.
Бүгін күлсең, ертеңінде жылайсың,
Өмір солай, қатар жүргізер жарлығын!
Өмір деген - кездесу мен қоштасу,
Тағдыр қосқан қосағыңмен жұптасу.
Өмір деген - лауап жанған бір жалын,
Сол жалында абайсызда от басу!
Өмір деген - жақсы көру, жек көру,
Жақсылықтан жамандыққа бет бұру.
Тайғақ жолда асықпай ақырын
Құлап жүріп, уақытында тік тұру!
Өмір деген - ұтуменен ұтылу,
Еңбектеніп алға қарай ұмтылу.
Өмір деген - тасжүрек пен безбүйрек,
Тойымсыздық, аш көздік пен жымқыру.
Өмір деген - жақсылық пен жамандық,
Бірде адал, бірде болар арамдық.
Қамшының сабындай ғана өмірдің
Мерзімі жоқ ешқандай да жарамдық.
Өмір деген - сәттілік пен сәтсіздік,
Арсыздық, екі жүзділік, бетсіздік.
Өмір деген - ағып жатқан бір өзен,
Сол өзенге құс болып біз жүздік.
Өмір деген - бүгінгің мен ертеңің,
О дүниеге дайындалар мектебің.
Өмір деген - төрт түрлі сәті бар:
Қысың, жазың, күз, көктемің!
Өмір деген - бізге берген бір сынақ,
Алла құлын уақытында тұр сынап.
Берілген уақытты дұрыс қолданғын,
Уақыт та секунд сайын жылжымақ!
Өмір теңіз, тағдыр кеме жүзетін,
Қонақпыз біз уақытында кететін.
Теңіздің де шеті шығар бір күні,
Кезің келер кемеден де түсетін!